Елбасының елдегі ұлттық компаниялардағы кадр саясатын реттеуге қатысты тапсырмалары негізінде арнайы тұжырымдама дайындалуда - Қ.Келімбетов
АСТАНА. Ақпанның 18-і. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - Елбасының елдегі ұлттық компаниялардағы кадр саясатын реттеуге қатысты тапсырмалары негізінде арнайы тұжырымдама дайындалуда.
Бұл туралы бүгін аталмыш қордың Басқарма төрағасы Қайрат Келімбетов Астанада «Адам ресурстарын басқару: өткенді қорытындылау және болашақ перпективалар» атты тақырыпта өтіп жатқан V халықаралық конференция барысында мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Оның айтуынша, Мемлекет басшысының мемлекеттік органдар мен «ҚазМұнайГаз» сияқты ұлттық компаниялардағы кадр саясатына қатысты алдыға қойған міндеттерді жүзеге асыру мақсатында елде арнайы жұмыс тобы құрылған. Қазіргі таңда аталмыш топ өкілдері елдегі ұлттық компаниялардағы кадр саясатына қатысты мәселеге арнайы талдау жүргізуде. «Жұмыс тобының өкілдері осы талдаулар негізінде тиісті шешімдер шығармақ. Нақтырақ айтқанда, олар
ұлттық компаниялардың бірқатар басшыларының жауапкершілігі мәселелеріне қатысты тиісті шешім қабылдап, компаниялардың кадр таңдау жүйесін жетілдіруге күш салады», деді Қ.Келімбетов.