Елбасының еліміздің мұнайгаз кешенін дамыту мәселелері жөніндегі кеңесі

АСТАНА. 28 қыркүйек. ҚазАқпарат -  Бұған дейін хабарланғандай, кеше Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев еліміздің мұнайгаз кешенін дамыту мәселелері жөнінде кеңес өткізді.

Елбасының еліміздің мұнайгаз кешенін дамыту мәселелері жөніндегі кеңесі

Кеңеске Премьер-Министр С.Ахметов, Президент Әкімшілігінің басшысы К.Мәсімов, Премьер-Министрдің орынбасары Қ.Келімбетов, «Самұрық-Қазына ҰӘҚ» АҚ Басқарма төрағасы Ө.Шөкеев, Президент Әкімшілігі Басшысының орынбасары Б.Сұлтанов, Мұнай және газ министрі С.Мыңбаев, «ҚазМұнайГаз ҰК» АҚ Президенті Л.Қиынов және Қазақстанның «Атамекен» ҰЭП Президиумының төрағасы Т.Құлыбаев қатысты.

Кездесу барысында Мемлекет басшысының еліміздің мұнай-газ кешенін дамыту және ағымдағы міндеттер бойынша нақты шешімдер әзірлеу жөніндегі тапсырмаларының орындалу барысы қаралды.

Кеңестен түсірілген видеоны http://akorda.kz/ru/photo/video/35 сілтемесі арқылы көруге болады.