Елбасының Конституциялық Кеңеске жүгінуіне сарапшылар пікір білдірді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Конституциялық Кеңеске жүгіну себебіне қатысты мәлімдемесіне сарапшылар пікір білдіруде, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None
None

«Президент 1995 жылдан бастап 20 астам өтініш жолданды. Бұл кәдімгі техника мен тәртіп болып саналады. Конституциялық Кеңестің рөлі де сол. Яғни, ешқандай төтенше жағдайды меңзеп тұр деп айта алмаймын. Елбасы бүгінде тың формада, қаншама қабылдаулар өткізіп, көптеген бағдарламалық құжаттар қабылдады. Сондай-ақ, «Нұр-Отан» партиясының кезекті съезіне дайындық жүруде. Ауқымды стратегиялық жоспарлар көзделуде. Сондықтан Конституциялық Кеңес мерзімі нормаға сәйкес өтеді деп ойлаймын. Бұл туралы Елбасының өзі де айтып өтті. Қазір Президенттің отставкаға кетуіне еш қажеттілік жоқ», - деп жазды саясаттанушы Ербол Еділов өзінің Telegram парақшасында.

Сондай-ақ, саясаттанушы Талғат Қалиев Елбасының Конституциялық Кеңеске өтініш білдіруі заңды екенін айта келе, ел басқаруға қатысты барлық сұрақтар Ата заңмен реттелуі тиіс деп есептейді.

«Әрине Констициялық Кеңеске берілген өтініш заңды әрі қисында дүние. Конституция жобасын әзірлеуде Мемлекет басшысының ел басқарудан өз еркімен бас тартуы мүмкін екендігі ешкімнің ойына келмегені қызық. Кез келген жұмысшының еңбек жағдайында өз еркімен шартты бұзуға құқығы бар. Жұмыс беруші бар болған жағдайда, өзара әрекеттер еңбек туралы заңнама аясында жүргізіледі. Президентке жұмыс беруші, ол сайлаушы, демек халық. Бірақ, Елбасының тікелей басшысы жоқ, себебі ол мемлекеттегі ең жоғары лауазым иесі. Екеудің біреуінің ұстанымының өзгермесіне кім кепіл? Конституцияда барлық мәселелер реттелуі тиіс» - деп жазды Талғат Қалиев өзінің Фейсбук парақшасында.

Еске салсақ, үстіміздегі жылдың 4 ақпанда Республиканың Конституциялық Кеңесі Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан Республикасы Конституциясының 42-бабының 3-тармағына ресми түсіндірме беру туралы өтінішін конституциялық іс жүргізуге қабылдады.

Келесі күні Елбасы Конституциялық Кеңеске жүгіну себебін түсіндіріп берді.

Соңғы жаңалықтар