Елбасының Меккеге алғашқы сапарының видеосы жарияланды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ақорданың фейсбуктегі парақшасы Мемлекет басшысының Сауд Арабиясына барған алғашқы сапары мен Қағбаға баруы туралы видеоны жариялады.
«Елбасының жұмыс сапарымен Сауд Арабиясына баруы аясында Сіздердің назарларыңызға 2012 жылы түсірілген «Галстуксыз үлкен саясат» деректі фильмінен үзінді ұсынамыз. Онда Нұрсұлтан Назарбаевтың 1994 жылы Эр-Риядқа алғаш рет баруы, соның ішінде Қағбаға аяқ басуы туралы айтылған», - деп жазылған.