Елбасының шешімімен Талғат Мұхтаров қызметінен босатылды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы, ҚР Қауіпсіздік Кеңесінің Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың шешімімен Талғат Сәбитұлы Мұхтаров басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Әскери қауіпсіздік және қорғаныс бөлімінің меңгерушісі қызметінен босатылды.