Елбасының шетелдік сапарларында 13,4 трлн теңгенің құжаттары бекітілді
АСТАНА. ҚазАқпарат - 2015-2016 жылдары ҚР Президентінің шетелдік сапарлары нәтижесі бойынша 13 трлн теңгеден астам сомадағы 170 екіжақты құжатқа қол қойылды. Бұл туралы бүгін Үкімет сағатында ҚР Парламенті Мәжілісі төрағасының орынбасары Владимир Божко мәлім етті.
«Тек 2015-2016 жылдары Мемлекет басшысының Италия, ҚХР, Ұлыбритания, Франция, Иран, сондай-ақ Түркияға сапарлары нәтижесінде жалпы сомасы 13 триллион 421 миллиард теңгенің екіжақты 170-тен астам құжаттарына қол қойылды», - деді В. Божко.
Айта кетейік, бүгін Үкімет сағатында ҚР Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов «Экономикалық дипломатия - Қазақстанның сыртқы саясатының басты бағыты» тақырыбында баяндама жасап, сыртқы істер саласындағы мәселелер бойынша депутаттар сауалдарына жауап бері.