Елбасының тапсырмасымен құрылып жатқан Астана жаңа университетінің құрамында 7 мектеп болады - Ж.Түймебаев

АСТАНА. Желтоқсанның 4-і. ҚазАқпарат /Гүлмира Әлиакпарова/ - Елбасының тапсырмасы бойынша құрылып жатқан Астана университетінің құрамына әртүрлі бағытта білім беретін 7 мектеп кіреді. Бұл туралы бүгін ҚР Білім және ғылым министрлігінің  алқа мәжілісінде министр Жансейіт Түймебаев айтты,
None
None

  деп хабарлайды ҚазАқпарат.

 Ведомство басшысы: «Елбасының тапсырмасы бойынша құрылып жатқан жаңа университет - жоғары білім берудегі негізгі серпінді жоба болып табылатынын», - атап өтіп, Білім министрлігі Дүниежүзілік Банкпен бірлесе отырып, Дубайдағы, Катардағы, Сингапурдегі, Қытай мен Сауд Арабиясындағы балама жобалардың тәжірибелерін жіті зерделегенін жеткізді.

 Сондай-ақ, Лондонның университеттік колледжімен Астана жаңа университетінде дайындық мектебін ашу бойынша келісімге қол қойылып, Питсбург және Нью-Джерси Технологиялық университеттерімен, Кент Мемлекеттік университетімен меморандумдар жасалды. Сонымен бірге, үстіміздегі жылғы маусымның 20-сында «Астана жаңа университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы құрылып, директорлар кеңесі жасақталды. Оның төрағасы ҚР Үкіметінің басшысы Кәрім Мәсімов болып табылады. 

 Астана жаңа университетінің құрамына 7 мектеп кірмек. Ағылшын тілі мен бейіндік пәндерді оқытуға арналған бір жылдық даярлық мектеп (студенттер IELTS, TOEFL және басқа да халықаралық стандартты сертификаттарды алып шығады). Бұл мектепке 2010 жылы 700 адам қабылдау жоспарлануда.

 Екіншісінде - Жалпы білім департаменті орналастырылады. Мұнда жалпы білім беру пәндері бойынша бакалавриаттың 1-курс студенттері даярланады. Ал медициналық мектепте студенттер клиникалық және ғылыми бағыттар бойынша білім алатын болады. 

 Инженерлік мектепте басымдықты бағыттар бойынша инженерлер оқытылса, жаратылыстану ғылымдары  мектебі физика, химия, биология, математика және басқа да салаларда зерттеуші-мамандарды дайындап шықпақ.

 Бизнес мектебіне магистрлер мен PhD докторларын даярлаумен қатар, жекеменшік және мемлекеттік сектордың топ-менеджерлеріне арналған оқыту бағдарламалары енгізілсе, мемлекеттік саясат мектебі мемлекет және жекеменшік сектор үшін басқарушыларды оқытатын болады. 

Соңғы жаңалықтар