Елбасының тікелей желідегі сұхбаты интернет пайдаланушылардың мемлекеттік органдармен байланысына тың серпін берді - Қ. Есекеев
деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Егер 2008 жылы электрондық мемлекеттік жобаларға азаматтардың интернет арқылы қатысуы 106 пайызды құраса, 2010 жылы Қазақстан бұл бағытта 18-орынға шықты. Яғни, бүгінгі күні интернетті пайдаланушылардың белсенді топтары мемлекеттік органдармен ғаламтор арқылы байланысып, түрлі сауалдарына жауап алып келеді. Сонымен бірге, осы салаға былтырғы жылдың соңына таман Мемлекет басшысының тікелей желідегі сұхбаты тың серпін берді. Бұл шара да халықаралық сарапшылар тарапынан жоғары бағаланып, ел басшылығының интернетті пайдаланушылармен байланысының ең тиімді тәжірибесі ретінде атап өтілген болатын», деді Қ. Есекеев.
Агенттік мәліметтеріне қарағанда, бүгінгі күні «электрондық үкімет» веб-порталын 1 мың 750-ден астам ақпараттық қызмет пайдаланушылардың саны 45 мыңнан асып отыр. Бұл порталда ұсынылады, 59 интерактивтік ақпараттық қызметтер де қамтылып отыр. Жалпы, 2009 жылы «электрондық үкімет» порталында қосымша 15 қызмет енгізілген. Бүгінгі күні порталдың бірегей пайдаланушыларының саны 1 млн. 550 мыңнан асады.