Елбасының төрағалығымен «Қазақстан жолы: тұрақтылық, бірлік, жаңғыру» атты Қазақстан халқы Ассамблеясының XIХ сессиясы өтеді

АСТАНА. 22 сәуір. ҚазАқпарат - 27 сәуір, сағат 16.00-де Астанадағы Бейбітшілік және келісім сарайында ҚР Президенті, Қазақстан халқы Ассамблеясының Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен «Қазақстан жолы: тұрақтылық, бірлік, жаңғыру» атты күн тәртібімен Қазақстан халқы Ассамблеясының XIХ сессиясы өтеді,

Елбасының төрағалығымен «Қазақстан жолы: тұрақтылық, бірлік, жаңғыру» атты  Қазақстан халқы Ассамблеясының XIХ сессиясы өтеді

деп хабарлады ҚХА-ның баспасөз қызметі.

Оның жұмысына барлық өңірлерден Ассамблея мүшелері, республикалық және аймақтық этномәдени бірлестіктердің басшылары, Парламент депутаттары, сондай-ақ орталық атқарушы органдар, саяси партиялар, діни бірлестіктер, ҮЕҰ, шет елдер дипломатиялық миссиялары басшылары және ғылыми-шығармашылық интелегенция мен БАҚ өкілдері қатысады.

Сессия соңынан салтанатты концерт өтеді.

ҚХА XIХ сессиясы қарсаңында сағат 11.00-де Тәуелсіздік сарайында ҚР Мемлекеттік хатшысы Мұхтар Құл-Мұхаммедтің қатысуымен Ассамблея Кеңесінің кеңейтілген отырысы өтеді, онда ҚХА-ның орта мерзімге арналған бірқатар өзекті мәселелері қаралатын болады.