Елбасының жаһандық бастамаларының маңызы артуда - Қайрат Әбдірахманов

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгінде Нұрсұлтан Назарбаевтың жаһандық сыртқы саяси бастамаларының маңызы артып келеді. Бүгін Астанада ҚР Тұңғыш Президенті күніне арналған халықаралық парламенттік конференцияда ҚР Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None
None

«ҚР Президентінің сыртқы саяси бастамалары Қазақстан ұстанымының белсенді әрі теңдестірілген маңызды тетігі болып отыр. Бұл бастамалар әлемдік қоғамдастық қатысушылары тарапынан қолдауға ие болуда», - деді Қ. Әбдірахманов.

Сонымен қатар, министр өткен жылдар маңызды оқиғаларға толы болғанын атап өтті.

«Сыртқы саясатта өзгерістер көп болды. Тәуелсіз Қазақстан одан әрі нығая түсті. Әсіресе, елордамыз Астананың 20 жылдығының ауқымды халықаралық деңгейде тойлануын атап өтуге болады. Қазақстандық дипломатияның біртіндеп дамуы, біздің халықаралық арендағы рөліміз, ішкі саяси-экономикалық реформаларымыз елорданың дамуына оң әсерін тигізіп отыр деп үлкен сеніммен айтуға болады. Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтың дұрыс жүргізген сыртқы саясатының арқасында Қазақстан халықаралық аренада тұрақтылық генераторы, қарқынды гүлдену, даму моделі ретінде қабылданады», - деді Сыртқы істер министрі.

Осы орайда, ол Қазақстанның бірде-бір мемлекетпен екі жақты деңгейде де, көпжақты форматта да проблемасы жоқ екенін еске салды.

Бұдан бұрын хабарланғандай, бүгін Астанада ҚР Тұңғыш Президенті күніне арналған «Астана - жаһандық интеграция, қауіпсіздік және бейбітшілік орталығы» тақырыбында халықаралық парламенттік конференция басталды.

Конференция барысында Өзбекстан Олий Мажлисінің спикері Нуриджон Исмоилов Елбасы мақаласына қатысты пікір білдірді

Соңғы жаңалықтар
Референдум