Елбасының жаңа байламына үлкен сеніммен қараймын-Ләззат Қаржаубаева

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - «ҚР Президентінің билік тармақтары арасында өкілеттіліктерді қайта бөлу мәселелері жөніндегі 2017 жылғы үндеуі қоғамда үлкен қолдауға ие болды. 

Елбасының жаңа байламына үлкен сеніммен қараймын-Ләззат Қаржаубаева

Тәуелсіздік алған жылдары заман ағымына, уақыт талабына сай мемлекеттің Президенттік басқару формасын таңдауы ел тұтастығын сақтау жолындағы ұтымды шешім болды»,-дейді Қорқыт Ата  атындағы ҚҚМУ құқықтану кафедрасының меңгерушісі, заң ғылымдарының кандидаты Ләззат Қаржаубаева.

«Бүгінге дейінгі әлем елдерінің қазақ халқын ұлт ретінде танып, мемлекет ретінде мойындауы - сол кездегі уақтылы қабылданған шешімнің құндылығы.

Қазіргі таңда еліміз әлем бойынша дамыған алдыңғы қатарлы 30 елдің қатарына енуді көздеп отыр. Еліміз талай сындарлы сәттерде сағы сынбай, көптеген кедергілерді артқа тастады. Қиындықтарды еңсере білді. Халықаралық тәжірибелерге сүйене отырып, біршама жаңа өзгерістер мен толықтырулар біздің алға жылжуымыздың негізгі қазығына айналған кездер де болды. Мемлекет басшысы Қазақстан халқына арнаған Үндеуінде енді мемлекетті басқару барысында көп күш Үкімет пен Парламентке түсіп, олардың рөлі айтарлықтай басым болатындығына тоқталды. Шамамен 40 шақты өкілеттілік Үкіметке немесе Парламентке жүктелетіндігін де қаперге ілді.

Осы реформаның терең мәні ел билігінің Президенттік және Парламенттік басқару жүйесіне біртіндеп көшетіндігін аңғартады. Сондықтан бүгінге дейін халқының қамын ойлап, батыл шешімдер қабылдаған Елбасының жаңа байламына үлкен сеніммен қараймын»,-деп қорытты сөзін Л. Қаржаубаева.