Елбасының Жапониядағы қазақстандық студенттермен кездесуі жайлы архивтік видео жарияланды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ақорданың баспасөз қызметі Нұрсұлтан Назарбаевтың жапондық жоғары оқу орындарында білім алып жүрген қазақстандық студенттермен кездесуі жайлы архивтік видеоны жариялады. Бейнежазба 2008 жылы түсірілген.

 Елбасының Жапониядағы қазақстандық студенттермен кездесуі жайлы архивтік видео жарияланды

Бұдан бұрын хабарланғандай, Қазақстан Президенті 6-9 қараша аралығында  ресми сапармен Жапонияда болады. Токиода Жапонияның императоры Акихитомен, Премьер-Министр С.Абэмен және іскер топтар өкілдерімен кездесу өтеді. Бұдан бөлек, Мемлекет басшысы Жапонияның Парламентінде және «Токай» университетінде сөз сөйлейді деп жоспарланып отыр. Сондай-ақ, сапар аясында Нұрсұлтан Назарбаев Хиросимадағы Бейбітшілік мемориалдық саябағында болып, «Хиросима қаласының айрықша құрметті азаматы» арнаулы атағын салтанатты түрде тапсыру рәсіміне қатысады.