Елбасының Жарлығымен М. Мырзамадиева ҚР-дың Нидерландтағы Елшісі қызметінен босатылды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен Майнура Саветқызы Мырзамадиева Қазақстан Республикасының Нидерланд Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметінен, Химиялық қаруға тыйым салу жөніндегі ұйым жанындағы Қазақстан Республикасының Тұрақты Өкілі қызметін қоса атқарудан босатылды.
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметінен хабарлады.