Елбасының Жарлықтарымен Республикалық ұланның қолбасшысы және ҚР Президенті Күзет қызметінің бастығы тағайындалды

АСТАНА. 5 наурыз. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлықтарымен:

Елбасының Жарлықтарымен Республикалық ұланның қолбасшысы және ҚР Президенті Күзет қызметінің бастығы тағайындалды

Мұхтар Ақатұлы Аюбаев Қазақстан Республикасы Республикалық ұланының қолбасшысы қызметіне тағайындалды, ол Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметінің бастығы қызметінен босатылды;

Әнуар Төлеуханұлы Садықұлов Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметінің бастығы қызметіне тағайындалды;

Амангелді Смағұлұлы Шабдарбаев Қазақстан Республикасы Республикалық ұланының қолбасшысы қызметінен босатылды және әскери қызметте болудың шекті жасына толуына байланысты әскери қызметтен шығарылды. Бұл туралы Президенттің баспасөз қызметінен хабарлады.