Елбасының жеке архивінен алынған фотосуреттер әлеуметтік желілерде жариялана бастады
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың жеке архивінен алынған фотосуреттер ҚР Тұңғыш Президентіінің Instagram парақшасында жариялана бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Біз «Елбасының жеке архивінен» фотосуреттер сериясын жариялауды бастаймыз. Бұдан бұрын бұл фотосуреттер желілерде жарияланбаған», -деп атап өтілген Елбасы аккаунтында.