15:50, 30 Қазан 2009 | GMT +5
Елбасының жол полициясында сыбайлас жемқорлықпен күресті күшейту жөніндегі тапсырмасының орындалуына баса назар аударылады - С.Баймағанбетов
АСТАНА. Қазанның 30-ы. ҚазАқпарат /Құралай Орынбекқызы/ - Елбасының жол полициясында сыбайлас жемқорлықпен күресті күшейту жөніндегі тапсырмасының орындалуына баса назар аударылады.

Бұл туралы бүгін аймақтармен конференцбайланыс форматында өткен Жемқорлықпен күрес жөніндегі республикалық қоғамдық кеңестің көшпелі 11-ші отырысында ҚР Ішкі істер министрі Серік Баймағанбетов айтты, деп хабаралайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Бұл салада жүйелі шаралардың кешені құрылды. Соңғы 6-7 жылда жол полициясы стационарлық бекеттерінің саны 189-дан 35-ке дейін қысқартылды. Аталған жылдар ішінде жол полицейлерінің саны да 12 мың 500-ден 5 мың 800-ге дейін азайды. Оларды ары қарай қысқарту мүмкін емес. Қазір барлық жол-көлік апаттары жөніндегі әкімшілік материалдарды соттар ғана қарастырады», деп атап өтті министр.