Елбасының Жолдауында көтерілген индустрияландыру мәселелері өте маңызды - М. Балабаева

/strong>Ақпанның 9-ы. ҚазАқпарат / Әділет Мұсахаев / - Елбасының биылғы Жолдауы - Тәуелсіз Қазақстан тарихындағы маңызды қадамдарды айқындап отырған стратегиялық бағдарлама. Бұл - жаңа кезең бастауы, бұл - жаңа жоспарлар. Бұл - жаңа жетістіктерге ұмтылыс. Бұл жайында Алматы қаласы Алатау ауданы әкімінің орынбасары Маржан Балабаева Президенттің жаңа Жолдауын талқылау барысында айтты,

Елбасының Жолдауында көтерілген индустрияландыру мәселелері өте маңызды - М. Балабаева

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

М.Балабаеваның айтуынша, Елбасының Жолдауында көтерілген индустрияландыру мәселелері өте маңызды. Қазіргі заман талаптарына сай жоғары технологиялық экономика құру, бұл тұрақты экономикалық өсімнің кепілі. Бүкіл әлемдік қауымдастықпен ықпалдасу үрдісі уақытында бәсекеге қабілетті кәсіпкерлікті құру арқылы біз Елбасының қойған талаптары мен міндеттерін жүзеге асыра аламыз.

«Президентіміздің «Жаңа онжылдық - жаңа экономикалық өрлеу - Қазақстаның жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауы өткен онжылдықта жеткен жетістіктерді қорытындылаған, алдағы онжылдықта елімізді көркейтуге бағытталған «халқымыз үшін қажетті, тәуелсіз еліміздің тарихы үшін деректі» құжат болып табылады.

Соңы он жыл ішінде Елбасымыздың басшылығымен Жаңа Қазақстанды құру бағытында ерен еңбек атқарылды. Елбасымыздың барлық бастамалары жоспардағыдай іске асып, әрдайым қазақстандықтардың көңілінен шықты. Атап айтқанда, еліміздегі орташа айлық жалақы 5 есеге, ал зейнетақының орташа мөлшері 3 есеге өскен», дейді әкім орынбасары.

Сонымен қатар ол 2020 Стартегиялық жоспары - ел болашағын анықтаушы бағдарлама екенін жеткізді. «Жолдауда Елбасы қоғамдық өмірдің барлық саласын қамтыған. Әрбір азамат Жолдаудан өзін толғандыратын сұраққа жауап таба алады. Бұдан өз кезегінде әрбір адамға, әрбір жанұяға жасалған қамқорлықтың көрінісін байқауға болады», дейді М.Балабаева.