Елбасының жұмыс кестесіне жуық арада өзгерістер енгізу жоспарланбаған
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жұмыс кестесіне жуық арада өзгерістер енгізу жоспарланбаған. Бұл туралы Ақорданың Фейсбуктегі парақшасында хабарланды.
«Президенттің Баспасөз қызметі қазіргі уақытта Мемлекет басшысының G-20 саммитіне қатысу үшін ҚХР-да жұмыс сапарымен жүргенін хабарлайды. Елбасының жұмыс кестесіне жуық арада өзгерістер енгізу жоспарланбаған», делінген хабарламада.