Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Елде аптап ыстық басылып, жаңбыр жауады

АСТАНА. KAZINFORM — АСТАНА. KAZINFORM — Қазгидромет 15–17 тамызға арналған Қазақстан бойынша ауа райы болжамын жариялады. 

Погода, дождь, Астана
Фото: Виктор Федюнин/Kazinform

Атмосфералық фронттың өтуіне байланысты еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, желдің екпіні күшейеді, бұршақ жаууы мүмкін.  Тек еліміздің батысында және Қызылорда облысында жауын-шашынсыз ауа райы болады.

Еліміздің батысында, солтүстік-батысында, солтүстігінде және орталығында түнде және таңертең тұман болады.

15 тамызда Қостанай облысында, 15–16 тамызда Солтүстік Қазақстан және Ақмола облыстарында, 16 тамызда Павлодар облысында нөсер жаңбыр жаууы ықтимал.

Еліміздің батысында күндіз ауа температурасы 18–26°-тан 25–33° жылыға дейін көтеріледі. Ақтөбе облысында айтарлықтай өзгеріс болмайды негізгі температуралық фон 20–30° жылы болады.

Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарында ауа температурасының төмендеуі болжанады: түнде 15–20°-тан 7–12° жылыға дейін, күндіз 20–30°-тан 15–20° жылыға дейін төмендейді.

Ақмола және Павлодар облыстарында түнгі ауа температурасы 15–20°-тан 10–15° жылыға дейін, күндіз 30–35°-тан 17–25° жылыға дейін төмендейді.

Еліміздің орталық және шығыс өңірлерінде қатты ыстықтың беті қайтады. Осы өңірлердің оңтүстігінде күндізгі ауа температурасы 34–39°-тан, ал өңірдің оңтүстігінде өте қатты ыстық кезінде 40–41°-тан 23–33° жылыға дейін төмендейді.

Қазақстанның оңтүстігінде күндізгі ауа температурасы 38–44° қатты ыстықтан 30–37° жылыға дейін төмендейді.

Еліміздің оңтүстік-шығысында күндіз ауа температурасы 34–39° қатты ыстықтан, өңірдің солтүстігінде 40–43° өте қатты ыстықтан 30–36° жылыға дейін төмендейді.