Елде ауыл шаруашылығы өнімдері маркетплейстер арқылы өткізіледі
АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстанда үшінші суперкомпьютерлік кластер пайдалануға беріледі. Бұл туралы Үкімет отырысында Президент Жолдауын іске асыруды талқылау барысында Премьер-министрдің орынбасары — Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин мәлім етті.
— «Халықтық цифрлық экономика» бағыты аясында үшінші суперкомпьютерлік кластер пайдалануға беріледі. Цифрландырудың бұдан арғы бағыты жасанды интеллектіні коммерцияландыруды және блокчейн- технологияларын белсенді дамытуды қамтиды, — деді Серік Жұманғарин.
Оның айтуынша, ауыл шаруашылығы өнімдерін маркетплейстер мен сауда желілері арқылы өткізу үшін жағдай жасалады.
Айта кетейік, жақында Мемлекет басшысы Қазақстанда тағы бір қуатты суперкомпьютер іске қосылатынын айтты.
Бұған дейін хабарланғандай, бүгін Үкімет отырысында Мемлекет басшысының биылғы 28 қазандағы «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының» жобасы мақұлданып, тиісті қаулы қабылданды.