19:39, 14 Мамыр 2009 | GMT +5
Елде дағдарыс, ал шетелдік компаниялар жұмыс күшін сырттан тартуда ? апталық брифинг
АСТАНА. Мамырдың 14-і. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - Дағдарыс жағдайында Үкімет халықты жұмыспен қамтумен әлек. Ал шетелдік компаниялар елдегі жұмыс орындарына жұмысшыларды сырттан әкелуде. Бұл мәселеге қатысты мәліметтермен бүгін апталық брифингте Бас прокуратураның ресми өкілі Сапарбек Нұрпейісов таныстырды,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.Оның айтуынша, прокурорлар тексеру жұмыстары барысында Ақтөбе облысындағы «Ақтөбе Қазақойл» ЖШС басшыларының Ресей азаматшасы А.Дыдалинаны арнайы рұқсатсыз жұмысқа алғандығын анықтаса, Батыс Қазақстан облысында «Жайыққұрылыс» ЖШС-ның өкілдері осы аймақтағы Зеленов ауданындағы газ құбырының құрылысына 17 дәнекерлеуші және желімдеуші ресейлікті тартқан. «Мұндай әрекеттер Алматы қаласындағы «КПП Қазақстан», «Лайфке Этилакс», «Далич», «Галанс Ботлерс», «Групп Констракшн» сияқты жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерінде де орын алды. Заңнан тыс қимылдап қалуды «Авиокомпания «Феникс» ЖШС де теріс көрмеген», - деді ресми өкіл.