Елде инфляция деңгейі айтарлықтай төмендеді енді қаржылық нарық жауап қатуы керек - Ұлттық банк төрағасы
АЛМАТЫ. 14 ақпан. ҚазАқпарат - Орталық банк ресми қайта қаржыландыру мөлшерлемесін төмендентсе де коммерциялық банктер несиенің пайыздық мөлшерлемесін азайтуға асықпайды.
Ұлттық банктің Басқарма төрағасы Григорий Марченконың бүгін Алматыда өткізген баспасөз мәслихатында осылай айтты.
«Орталық банктер ресми қатйа қаржыландыру мөлшерлемесін көтерсе, коммерциялық банктер несиенің пайыздық мөлшерлемесін дереу өсіреді. Ал азайтқан кезде мұндай жылдамдық байқалмайды. Бұл бізде ғана емес, әлемдегі барлық елде осындай. Қазақстанда инфляция деңгейі айтарлықтай төмендеді енді қаржылық нарық жауап қатуы керек», - деді Г.Марченко. Бас банкирдің айтуынша, несие мөлшерлемесі елде енді біртіндеп төмендеуі керек. Сондай-ақ депозит мөлшерлемесі де. Егер инфяция 7,3-7,4 пайыздық орташа көрсеткіштен 5-6 пайызға төмендейтін болса, оң өзгерістен тұтас ел ұтатын болады.