Елде қанша мәдениет мекемесі бар

АСТАНА. KAZINFORM — Ұлттық статистика бюросы елде қанша мәдениет мекемесі бар екенін жариялады. 

Елде қанша мәдениет мекемесі бар
Фото: Солтан Жексенбеков/Kazinform

3 912 – қоғамдық кітапхана
3 054 – мәдени-демалыс ұйымы
286 – мұражай
254 – демалыс саябағы
85 – театр
67 – концерт ұйымы
8 – хайуанаттар бағы
5 – цирк

2024 жылмен салыстырғанда келушілер санының ең жоғары өсімі 2025 жылы концерт ұйымдарында байқалды – 10%, ойын-сауық және демалыс саябақтарында – 7,1%, мәдени-демалыс ұйымдарында – 3,9%, театрға барушылар 2,5%, ал музейлерге барғандар саны 1,8% артқан.

2025 жылы концерт ұйымдары өткізген іс-шаралар саны бір жыл бұрынғы көрсеткіштерге қарағанда 21,6% артты, театрлар өткізген іс-шаралар саны 6% көбейді, кітапханаларда – 4,9%, ал мәдени-демалыс ұйымдарында 3,6% өскен. 

Өткенде Қазақстанда қанша көппәтерлі тұрғын үй бар екені туралы жазған едік

Соңғы жаңалықтар