Елде қаймақ қанша тұрады

None
Фото: roscontrol.com
АСТАНА. ҚазАқпарат – Шілде айында Қазақстан өңірлерінде қаймақтың орташа бағасы келісіне 1912 теңгені құрады. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросынан мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Өткен жылдың шілдесімен салыстырғанда қаймақ 22,4% қымбаттаған.
Бүгінде аталған сүт өнімі Алматы қаласының тұрғындарына қымбатқа түсіп отыр. Онда орташа баға 2350 теңге мөлшерінде.

Қаймақтың қымбаттығы бойынша екінші орында Атырау тұр – 2079 теңге. Одан әрі Өскемен (2068 теңге), Ақтөбе мен Қызылорда қалалары (2058 теңге) орналасқан.

Ең арзан қаймақ Көкшетау қаласында – 1270 теңге.

«2023 жылдың қаңтар-шілде айларында Қазақстанда 21 мың тонна қаймақ өндірілді. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1,3 мың тоннаға көп», - делінген статистика мәліметінде.


Соңғы жаңалықтар