Елде криптовалюта арқылы ақша жылыстату схемасы әшкереленді

АСТАНА. KAZINFORM —  Криптотергеу нәтижесінде жалпы сомасы 9,7 млн USDT-тен асатын цифрлық активтер бұғатталды. 

Криптовалюта
Фото: pexels

Бұған дейін ТМД кеңістігіндегі ірі көлеңкелі криптосервистердің бірі — цифрлық активтер арқылы қаражатты қолма-қол ақшаға айналдыру және қылмыстық кірісті жылыстатумен айналысқан «RAKS Exchange» жойылғаны туралы хабарланған болатын.

Аталған криптоалмастырғыш арқылы Қазақстан, Ресей, Украина және Молдова аумағында әрекет еткен 200-ден астам есірткі интернет-дүкендерінің транзакциялары өткен. Платформаның жалпы айналымы 224 млн АҚШ долларынан асқан.

Ауқымды криптотергеу барысында Follow the Money тәсілі аясында есірткі құралдарының заңсыз айналымына және даркнет алаңдарының қызметіне қатысы бар 4 000-нан астам криптоәмиянға блокчейн-талдау жүргізілді.

Криптотергеу нәтижесінде жалпы сомасы 9,7 млн USDT-тен асатын цифрлық активтер бұғатталды.

Қазіргі кезеңде анықталған қаражаттың бір бөлігі — 3,2 млн USDT тәркіленді.

Олардың қылмыстық жолмен алынғаны дәлелденіп, қаражат агенттіктің арнайы шотына аударылды.

Нәтижесінде азаматтардың денсаулығына қауіп төндірген арна жолы кесілді. Ірі көлемдегі есірткі жеткізілімдері тоқтатылып, тарату инфрақұрылымы жойылды, бірқатар есірткі интернет-дүкендерінің қызметі тоқтатылды.

Аталған бағыттағы жұмыс жалғасып жатыр.

Айта кетелік кеше құрылыс компаниясының басшысы Мөлдір Сүйіншәлиге қатысты қылмыстық іс қозғалған еді

 

Соңғы жаңалықтар