Елде өнеркәсіп өндірісінің көлемі 10235 млрд. теңге болды- ҚР Статистика агенттігі
АСТАНА. 14 Қыркүйек. ҚазАқпарат /Жасұлан Аманбайұлы/ - 2011 жылы қаңтар-тамыз айларында негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 2771,4 млрд. теңгені құрады. Бұл туралы бүгін Астанада өткен брифинг барысында ҚР Статистика агенттігінің төрағасы Әлихан Смаилов мәлім етті.
Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда, 0,9 пайызға артқан.
Сонымен қатар, 2011 жылдың соңғы 7 айы бойынша Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуының қысқаша қорытындыларын шығарған Ә. Смаилов, елде өнеркәсіп өндірісінің көлемі 10235 млрд. теңге болып тіркелгенін айтты. Бұл 2010 жылғы қаңтар-тамыз кезеңіндегі көрсеткішке қарағанда 4,6 пайызға артық. Кен өндіру өнеркәсібінде және карьерлерді қазуда - 2,7 пайыз, өңдеу өнеркәсібінде - 7,4 пайыз өсім байқалған.