Елде ЖИ алаяқтардың телефон қоңырауларын қалай анықтап жатыр
АСТАНА. KAZINFORM — Бір жылдан астам уаты ішінде 5 млн-нан астам алаяқтық қоңырау тоқтатылды. Бұл туралы Үкімет отырысында «Қазақтелеком» АҚ басқарма төрағасы Бағдат Мусин мәлім етті.
— «Қазақтелеком» — Антифрод байланыс орталығының техникалық серіктесі. 2025 жылғы шілдеден бері 5 миллионнан астам алаяқтық қоңырау тоқтатылды. 90 маман тәулігіне орта есеппен 9 мың қоңырауды өңдейді, — деді Бағдат Мусин.
Осы орайда ол бүгінде жасанды интеллект трафикті талдап, алаяқтардың қоңырауларын анықтайтынын айтты.
— Келесі қадам — ЖИ-операторды іске қосу. Қазірдің өзінде 200-ден астам дауыс әзірленді, — деді компания басшысы.
Бұған дейін хабарланғандай, Бағдат Мусин елдің цифрлық саладағы қуаты қалай нығайтылып жатқанын түсіндірді.