Елдегі көліктердің 87 пайызы бензинмен жүреді

машина
Фото: Виктор Федюнин/Kazinform

Елімізде тіркелген жеңіл автомобильдердің ең үлкен үлесі – 87,5% бензинмен жүреді, 8,3% – аралас жанармаймен, 1,9% – дизель отынымен, 0,1% – газбаллонды отынмен және тағы 0,1% электр қозғалтқыш есебінен қозғалады, деп хабарлайды Kazinform

Бензинмен жүретін жеңіл автомобильдердің ең көбі Алматы қаласында тіркелген – 496,8 мың, Алматы облысында – 478,6 мың және Астана қаласында – 314,2 мың.

2023 жылдың 9 ай ішінде 9869 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, 14016 адам зардап шеккен.

Өткен жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда жол апатының саны 3,8% қысқарды, зардап шеккендер 7,1% азайды. 

1 қазандағы жағдай бойынша сақтандыру ұйымдары көлік иелерін міндетті сақтандыру бойынша 44,9 млн теңге сомасына 80913 сақтандыру төлемін жасады. 

Соңғы жаңалықтар