Елдегі мұнай мен металл өндіретін кәсіпорындар бір жылда 3 млрд доллардың техникасын импорттаған

АСТАНА. KAZINFORM – Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев Үкімет отырысында мұнай-газ саласындағы техниканың қай түрі елде шығарылатынын айтты.

Хитойга умумий ғалла экспорти 5,5 баробар ошди – ҚР Савдо вазири ўринбосари
Фото: shutterstock

«Мұнай - газ және тау - кен металлургия машина жасау секторында тұрақты өсім байқалып отыр. Елімізде сорғылар, компрессорлар, клапандар, бекіту арматурасы, гидравликалық және пневматикалық жабдықтарды шығаратын зауыттар жұмыс істеуде. Алайда ішкі нарық әлі де импортқа тәуелділікпен сипатталады. Мәселен, 2023 жылы мұнай-газ және тау-кен металлургия машина жасау тауарларының импорты 3 млрд доллардан асты. Импортқа тәуелділікті төмендету мақсатында офтейк - келісімшарттар жасасу міндеттемелері бойынша заңнамалық жұмыстар жүргізілуде», - деді Қанат Шарлапаев.

Оның мәліметі бойынша, 9 айда елде аккумулятор мен кабельдік өткізгіш өнімдер өндірісі орта есеппен 17 % өскен.

«Тауарлардың жаңа түрлерін игеру мақсатында энергетикалық тұрғыдан тиімді трансформаторлар және өнеркәсіптік аккумуляторлар өндірісін жолға қою бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. Отандық өндірушілер ас-үй плиталарын шағын пештер, кір жуғыш машиналар, теле-дидар-лар, су жылыт-қыштар және шаң-сорғыш-тар шығарады. Біз алдымызға әлемдік брендтер өндірісін елге тарту арқылы, халық тұтынатын тауарлар өндірісін арттыру міндетін қоямыз», - деді министр.

Соңғы жаңалықтар