Елдегі барлық денсаулық және білім беру нысандарындағы тамақ сапасы мен температура режімін тексеру қажет

АСТАНА. 14 ақпан. ҚазАқпарат - Елдегі барлық денсаулық және білім беру нысандарындағы тамақ сапасы мен температура режімін тексеру қажет.

Елдегі барлық денсаулық және білім беру нысандарындағы тамақ сапасы мен температура режімін тексеру қажет

Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Бәсекелестікті қорғау агенттігінің төрағасы Ғабидолла Әбдірахимов айтты.

Тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы жұмыстарды күшейту үшін Премьер-Министр орынбасарларының бірінің басшылығымен жұмыс тобын құру қажеттігін атап өткен ол: «Денсаулық сақтау министрлігі, ҚР Құрылыс және тұрғын үй коммуналдық шаруашылық істері агенттігі, Бәсекелестікті қорғау агенттігі, облыстардың және Астана мен Алматы қалаларының әкімдіктері, қоғамдық бірлестіктер және бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерімен бірлесіп, Астана мен Алматы қалаларындағы, облыс орталықтарындағы денсаулық сақтау нысандарындағы температура режімі мен тамақтың сапасын бір апталық мерзімде тексеруі қажет», деді ол.

Сонымен қатар Ғ.Әбдірахимов екі апталық мерзімде елдің барлық қалалары мен аудандарының әкімдері осы ақпаратты агенттікке хабарлауы қажеттігін атап өтті.

«Дәл осындай жұмысты Білім және ғылым министрлігі білім беру және мектепке дейінгі мекемелерде жүргізуі мақсатты әрі қажет деп санаймын», - деді агенттік басшысы.