Елдегі барлық кәсіптік-техникалық білім беру мекемелерінің атаулары колледждерге ауыстырылды - Б.Жұмағұлов
ТАНА. 18 қараша. ҚазАқпарат /Гүлмира Алякпарова/ - Жуырда күшіне енген «Білім туралы» ҚР Заңына сәйкес, барлық кәсіптік-техникалық білім беру мекемелерінің атаулары колледждерге ауыстырылды. Бұл туралы бүгін Астанада өтіп жатқан «Кәсіптік білім беру және бизнес: Әріптестер сұхбаты» атты ІІІ Халықаралық форумда Білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұлов мәлім етті.
«Жаңа Заңға сәйкес бізде ТжКБ (техникалық және кәсіптік білім) ұғымы мүлдем жоқ. Енді барлық мұндай оқу ұйымдары колледждер деп аталады», - деп атап өтті Б.Жұмағұлов.
Министр, техникалық-кәсіптік білім беру саласында ауқымды институционалдық өзгерістер жасалғандығын атап өтті.
«Біз ТМД елдері арасындағы алғашқы болып бастапқы және орта кәсіптік білім беру базасында техникалық және кәсіптік білім беруді енгіздік. Бұл кадрларды даярлауда техникалық бағытты айқындауға, біліктіліктің бірнеше деңгейін беруге мүмкіндік береді», - деп түйіндеді сөзін Б.Жұмағұлов.