Елдегі бейбітшілік пен тұрақтылықты баянды ету - әрбір қазақстандықтың қасиетті парызы болуы тиіс - Ғалия Ғизатуллина

АСТАНА. ҚазАқпарат - Елдегі бейбітшілік пен тұрақтылықты баянды ету - әрбір қазақстандықтың қасиетті парызы болуы тиіс. ҚазАқпарат тілшісімен сұхбатында Қызылорда облысы татар ұлттық-мәдени орталығының төрайымы Ғалия Ғизатулина осындай пікірін білдірді.
None
None

«Қоғамдық келісім Қазақстан өмірінің өзегіне айналуы тиісті». Былтырғы жылы Астанада өткен Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХ сессиясында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың айтқан осы бір қанатты сөзі есімде қалып қойды. Шынтуайтында да, қоғамдық келісім біздің көпұлтты, көпконфессиялы мемлекетіміздің өзегі екені ақиқат. Біздер мұны мақтан тұтып қана қоймай, оның мәңгілік болуы жолында аянбай үлес қосуға міндеттіміз. Бұл осы жерді мекен еткен әрбір азаматтың қасиетті парызы болуы тиіс», - деп атап өтті Ғалия Ғизатуллина.

«Сәуірдің 18-і күні болған Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХІ сессиясына Қызылорда облысынан делегаттар қатарында болып қатысып қайттым. Сессия жұмысынан алған әсерім өте көп. Онда Мемлекет басшысының айтқан қадау-қадау пікірлері кім-кімді де толғантпай қоймайтынына көзім жетті. Елбасы сессия барысында: «Қазақстандық мәдениет елдегі бүкіл этностардың мәдени қатпарларының тығыз қарым-қатынасы арқасында қалыптасады. Бізде қазақ өнері мен дәстүрлері дамуда, сонымен бірге, бүкіл этностардың мәдени мұраларының дамуы да қамтамасыз етілген. Біз өз еліміздің, кез келген этносқа жататын біздің отандастарымыздың әлемдік өнерге, әдебиет пен спортқа қосқан үлестерінің артып келе жатқанын мақтан тұтамыз. Қазақстан халқы Ас­самблеясы - әрі іргетас, әрі бейбітшілік, рухани келісім мәдениетінің негізгі қағидаты. Ассам­блея - бүкіл азаматтардың бүкіл­халықтық өкілдері мүдде­лерінің инновациялық моделі және біздің жас демократияның табысты құралы. Ол бүкіл ел бойынша 820 этномәдени бірлестіктер қызметін шоғырландырады. Бұл дегеніміз 70 мың белсенділер. Ал осы жұмысқа барлығы 3 миллионнан астам адам қатысады» - деді.

Міне, татулықты тұрақты ету мақсатында көрдіңіз бе, қаншама тірліктің атқарылып жатқанын! Біз үшін аса маңызды оқиға саналатын бұл басқосу ұлттар достығын одан әрі нығайта түсеріне еш күмәнім жоқ» - деп атап көрсетті ұлттық мәдени-бірлестік төрайымы. .

Оның айтуынша, қазір ондаған ұлттың басын біріктіріп отырған Қызылорда облысында да Ассамблея жұмысы жақсы жүргізіліп келеді. Соның айғағындай жыл бойы түрлі шаралар өткізуді үрдіске айналдырған.

«Біздегі ұлттық-мәдени орталықтарды қаржыландыру да жыл санап артып келеді. Биылғы жылы аймақ басшысы Қырымбек Көшербаевтың қолдауымен татар халқының сабантой мерекесі үлкен дәрежеде аталып өткелі отыр. Жалпы бұл шара бірлестіктің ұйымдастыруымен 2005 жылдан бері тұрақты түрде өткізілсе, биылғы ерекшелік, өңір басшылығының қолдауымен кең ауқымдағы маңызды шараға айналуында болып тұр. Оған Татарстаннан арнайы делегация шақырылмақ. Негізі сабантой - бұл татар халқы мұрасының нағыз маржаны, татар халқының рухани күші, мәдениетінің ерекше сарқылмас бұлағы, күш пен ойдың сайысы. Бұл мереке біздің облысты мекендеген барлық ұлттардың ықыласпен қатысатын мейрамына айналды. Міне, осының бәрі кең байтақ еліміздегі қоғамдық келісім мен саяси тұрақтылықтың жемісі», - деп қорытты сөзін Ғ. Ғизатуллина.

Соңғы жаңалықтар