Елдегі ірі 3 мұнай өңдеу зауытының жылдық қуаты 17 миллион тоннаны құрайтын болады

АТЫ. Қазанның 6-сы. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Қазақстандағы ірі 3 мұнай өңдеу зауытында биыл 12,3 миллион тонна мұнай өңдеу жоспарланып отыр.

Елдегі ірі 3 мұнай өңдеу зауытының жылдық қуаты 17 миллион тоннаны құрайтын болады

 Бұл туралы бүгін  Алматыда 17-ші KIOGE 2009 қазақстандық халықаралық "Мұнай және газ" көрмесінің ашылу рәсімінде айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

 "Қазір елімізде 3 мұнай өңдеу зауыты бар. Олардың жылдық қуаты 14 миллион тонна. Бұл ішкі сұранысты қамтамасыз етуге жеткенімен, болашаққа кепілдік бере алмайды. Сондықтан онда қайта құру жұмыстары жүргізілмек. Бүгінгі таңда Атырау мұнай өңдеу зауытында бұл шара  жүзеге асып жатса,  Шымкент мұнай өңдеу зауытында қайта құруды қаржыландыру мәселесі шешіліп жатыр. Одан кейін мұндай істер Павлодар мұнай өңдеу зауытында   жалғасатын болады. Осы жұмыстар толық аяқталған кезде бұл зауыттар жылына 17 миллион тонна мұнай өңдейтін болады", дейді ҚР Энергетика және минералдық ресурстар вице-министрі Ләззат Қиынов. Л. Кетебайұлының айтуынша, бұл Қазақстан экономикасын қамтамасыз етуге жеткілікті. Ол,  сондай-ақ  жанармай сапасын көтеріп, оны "евро-4" стандартына жеткізуге мүмкіндіктер береді.