Елдегі колледждерде 133 мыңнан астам талапкерге грант бөлінді
АСТАНА. ҚазАқпарат – Еліміздің 410 колледжін кәсіпорындар қамқорлығына алып отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Оқу-ағарту министрлігі Мемлекет басшысының техникалық және кәсіптік білім беруге мемлекеттік тапсырысты ұлғайту туралы тапсырмасы қаншалықты орындалып жатқаны туралы мәлімет ұсынды.
Бүгінде бұл бағытта 133 мың грант бөлінген. Оның 60%-ы техникалық мамандықтарға бағытталып отыр. Сондай-ақ 1 қыркүйектен бастап колледж студенттерінің стипендиясы өткен жылғыдан 50% артты.
410 колледжді кәсіпорындар қамқорлығына алып, 558 колледжде дуалды оқыту жүргізілмек.
Сондай-ақ колледждерде 10 мыңнан астам талапкерді кәсіпорындардың өтінімі бойынша мемлекеттік тапсырыспен қабылдау жоспарланып отыр.