Елдегі онкология орталықтарында обырдың алдын алуға арналған ашық есік күні өтеді

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- 26 наурыз күні Қазақстанның өңірлік онкологиялық ұйымдарында колоректальды қатерлі ісіктің алдын алу және ерте диагностикалау бойынша ашық есік күні өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Елдегі онкология орталықтарында обырдың алдын алуға арналған ашық есік күні өтеді

Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институты баспасөз қызметінің мәліметінше, 2022 жылғы 26 наурыз сағат 09.00-ден 13.00-ге дейін Қазақстанның онкологиялық мекемелерінде колоректалдық қатерлі ісік (тоқ ішек обыры) бойынша онкологтарды тегін қабылдау жүргізеді.

2021 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанда онкологиялық аурулар құрылымында колоректальды қатерлі ісік 3-орында (үлес салмағы 9,1%, 3 294 жаңа жағдай) тұр.

Жыл сайын колоректальды қатерлі ісіктің 3 мыңнан астам жағдай тіркеледі. Және осы сырқаттан 1500-ге жуық науқас қайтыс болады.

ДДҰ болжамы бойынша 2030 жылға қарай колоректальды қатерлі ісік ауруының жаңа жағдайларының 77%-ға және колоректальды қатерлі ісік ауруынан қайтыс болғандардың саны 80%-ға артуы мүмкін.

Айта кетейік, 50-ден 70 жасқа дейінгі қазақстандықтар тұрғылықты мекен-жайлары бойынша орналасқан емханалардан колоректальды қатерлі ісікке қарсы скринингтен өте алады.

Профилактикалық тексерудің уақыты мен өткізілетін орны:

АЛМАТЫ:

Күні мен уақыты: 26 наурыз, сағат 09:00-ден 13: 00-ге дейін.

«Қазақ онкология және радиология ҒЗИ» АҚ

Мекенжайы: Алматы қаласы, Абай даңғылы, 91, Шәріпов көшесінің қиылысы (кіреберіс Абай жағынан)

Анықтама үшін тел: 8 (727) 349-61-16.

Алматы онкология орталығы

Күні мен уақыты: 26 наурыз, сағат 9-00-ден 13-00-ге дейін.

Мекенжайы: Папанина көшесі 220 Литер А. 1-қабат.

Анықтама үшін тел.: 8 (727)312-24-70.

НҰР-СҰЛТАН ҚАЛАСЫ

Күні мен уақыты: 2022 жылғы 26 наурыз, сағат 9:00-13:00

«Нұр-Сұлтан қаласының көпсалалы медициналық орталығы» ШЖҚ МКК

Мекенжайы: Нұр-Сұлтан қаласы, Манас көшесі, 17;

Анықтама үшін тел.: 8 (7172) 54-20-05, 54-88-83.

АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ (ОҢТҮСТІК ӨҢІР)

Күні мен уақыты: 2022 жылғы 26 наурыз, 09.00-13.00.

Алматы аймақтық көпсалалы клиникасы

Мекенжайы: Алматы қаласы, Роза Бағланова көшесі 69а

Анықтама үшін тел.: 8777 016 82 40, 8(727) 261-29-52, 8 (727) 227-52-96, 8 (727)248-40-11.

ТАЛДЫҚОРҒАН

Күні мен уақыты: 26 наурыз, сағ. 09.00-13.00

Облыстық көпсалалы клиникасы

Мекенжайы: Талдықорған қаласы, Абай көшесі 316.

8 (7282) 40-10-55.

ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫ

Күні мен уақыты: 2022 жылғы 26 наурыз, сағат 9.00-13.00

«Қостанай қалалық көп бейінді онкологиялық ауруханасы» КМК

Мекенжайы: Қостанай қаласы, Көбеев көшесі 2б

Тел: 8(7142)- 73-03-44, 39-03-08.

АҚМОЛА ОБЛЫСЫ

Күні мен уақыты: 2022 жылғы 26 наурыз, сағат 09.00-13.00

Көпсалалы облыстық аурухана (емхана)

Мекенжайы: Көкшетау қаласы, Ақан Сері көшесі, 1 в.

Анықтама үшін тел: 8 (7162) 33-04-94.

ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ

Күні мен уақыты: 2022 жылғы 26 наурыз, сағат 9.00-13.00

«Павлодар облыстық онкологиялық диспансері» ШЖҚ КМК

Мекенжайы: Павлодар қаласы, Российская көшесі, 57/3 құрылыс;

Анықтама үшін тел.: 8(7182) 66-00-97, 66-00-98, 66-00-91.

СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ

Күні мен уақыты: 26 наурыз, сағ. 09.00-13.00

Көпсалалы облыстық аурухана, онкологиялық орталық, емхана

Мекенжайы: Петропавл қаласы, Әуезов көшесі, 133.

Анықтама үшін тел.: 8 (7152) 46-60-08.

ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ

Күні мен уақыты: 26 наурыз, сағ. 09:00-13: 00

Мекенжайы: Өскемен қаласы, Потанин көшесі, 6, 1 корпус, Консультациялық-диагностикалық бөлімше (емхана).

Анықтама үшін тел.: +7 (7232) 48-91-51, 8 778 003 7845.

ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫ

Күні мен уақыты: 26 наурыз, сағ. 09:00-13: 00

Қызылорда облыстық онкологиялық орталығы

Мекенжайы: Қызылорда қаласы, Н. Назарбаев даңғылы, 72.

Анықтама үшін тел: 8 (7242) 23-52-81.

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ

Күні мен уақыты: 26 наурыз, сағ. 09:00-13:00

Түркістан облыстық клиникалық ауруханасы

Мекенжайы: Шымкент қаласы, Құрманбеков көшесі 2/6

Анықтама үшін тел.: 39-31-60.

АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫ

Күні мен уақыты: 2022 жылғы 26 наурыз, сағат 09.00-13.00

М. Оспанов атындағы БҚММУ МО

Мекенжайы: Ақтөбе қаласы, Жаңақоныс кенті 8.

Анықтама телефоны: 40-52-84.

СЕМЕЙ

Күні мен уақыты: 26 наурыз, сағ. 09:00-13: 00

Ядролық медицина және онкология орталығы

Мекенжайы: Семей қ., Құтжанов к-сі, 3

Анықтама телефоны: 77-51-00

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ

Күні мен уақыты: 26 наурыз, сағ. 9:00-13.00

«Жамбыл облыстық көп бейінді онкология және хирургия орталығы» ШЖҚ МКК

Мекенжайы: Тараз қаласы, Кенен Әзірбаев көшесі, 156.

Анықтама үшін тел.: 8702 365 39 28, 8 (7262) 52-22-83.

ШЫМКЕНТ

Күні мен уақыты: 2022 жылғы 26 наурыз, сағат 09.00-14.00

Қалалық онкологиялық орталық-қабылдау және кеңес беру бөлімі.

Мекен-жайы: Шымкент қаласы, Байтұрсынов көшесі № 85 А.

Анықтама үшін тел.: 8 7252 383-383.

БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ

Күні мен уақыты: 26 наурыз 2022 ж., сағ. 9:00-13: 00

Батыс Қазақстан облыстық онкологиялық диспансері

Мекенжайы: Орал қаласы, Алматинская көшесі, 58.

Анықтама үшін тел.: +7 (7112) 91-80-52.

ҚР-да онкологиялық көмекті жетілдіру ҚР Денсаулық сақтау саласын дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының және ҚР онкологиялық аурулармен күрес жөніндегі 2018-2022 жылдарға арналған кешенді жоспардың міндеттерін іске асыру шеңберінде жүзеге асырылады.

Онкологиялық ауруларды диагностикалау, емдеу және дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде көрсетіледі.