Елдегі реформалар әрбір ҚР азаматы өзінің болашағына сенімді болуы үшін жасалуда - сарапшы В.Тельнов

АСТАНА. ҚазАқпарат - Елдегі реформалар әрбір ҚР азаматы өзінің болашағына сенімді болуы үшін жасалуда.

Елдегі реформалар әрбір ҚР азаматы өзінің болашағына сенімді болуы үшін жасалуда - сарапшы В.Тельнов

Бұл туралы бүгін «Нұр Отан» партиясында өткен «Нұр Отан» партиясының  XVII съезінде Президент Н.Назарбаев алға қойған Қазақстанды дамыту мәселелері» атты дөңгелек үстелде белгілі сарапшы, Саясаттанушылар конгресі басқарушы директорының орынбасары Владимир Тельнов  мәлім етті.

«Әлемдік жағдайдың ушығып бара жатқан ахуалына қарсы қадам ретінде Қазақстан Президентінің іс-қимылы ұтымды деп айтуға болады. Оның «Нұр Отан» партиясының  XVII съезінде сөйлеген сөзі осыған дәлел бола алады. Жаһандық дағдарысқа қарамастан, онымен байланысты барлық қиындықтарды елеместен, Назарбаев Қазақстанның барлық салаларында қол жеткізілуі тиіс ғаламат реформаларды жариялады. Біз әлемдік экономиканың, саясаттың және қауіпсіздіктің мүлдем жаңа моделінің құрылуы алдында тұрмыз. Аталмыш міндет - барша адамзат алдында тұрған міндет. Соның ішінде, мемлекеттік деңгейге келетін болсақ, Қазақстан халқының алдында да қойылып отырған міндет. Осыған Елбасы да меңзеп отыр», - деп атап өтті сарапшы.

Оның сөзі бойынша, «100 қадам» Ұлт жоспарында көрсетілген жаңғыру реформалары тарихи міндеттерді шешудің жолдарын көрсетіп берді.

«Біз Елбасы айтып отырған, жаңару мен жаңғырудың мақсаттары мен логикасын айқын түйсінуіміз қажет: адами капиталды сақтап қалу және оны ұлғайту, Қазақстан экономикасын жаңғырту, мемлекетті заман талабына сай етіп қайта құрылымдау, біздің қоғамның азаматтық белсенділігін жоғарылату. Қазақстанда «Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» атты тұжырымдамалық бағдарламасының негізі - адам. Барлық реформалар ең алдымен адами капиталды арттыруға, адамның өмір стандарттары сапасын арттыруға, құқықтарын сақтауға, әлеуметтік қолдауға және жұмыспен қамтуға бағытталып отыр. Әрбір ҚР азаматы өзінің болашағына сенімді болуы тиіс», - деді В. Тельнов.