Елдегі сайлау уаскелері дауыс беру күніне 100 пайыз дайын - Қ.Тұрғанқұлов

АСТАНА. 2 сәуір. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - «Елдегі сайлау уаскелері дауыс беру күніне дайын», - деді бүгін Орталық сайлау комиссиясының төрағасы журналистермен болған кездесу барысында.

Елдегі сайлау уаскелері дауыс беру күніне  100 пайыз дайын - Қ.Тұрғанқұлов

Қ.Тұрғанқұловтың сөзіне қарағанда, еліміздегі сайлау учаскелерінің сайлауға дайындығы осыдан бір апта бұрын-ақ қамтамасыз етілді.

«Біз Астана қаласындағы сайлау учаскелерінің дауыс беру күніне дайындығына байланысты арнайы Орталық сайлау комиссиясының мәжілісін ұйымдастырдық. Сонда дауыс беру күніне дайын екенімізге нақты көз жеткіздік. Бүгінгі таңда елімізде сайлауға дайындық 100 пайызға қамтамасыз етілген. Бюллетеньдер сайлау учаскелеріне жеткізілді және өзге де қажеттіліктер жүзеге асырылды. Сайлау учаскелерінің өкілдері оқытылып, толық дайындақтын өтті», - деді ОСК төрағасы.