Елдегі су шаруашылығы объектілері 60% тозған

АСТАНА. ҚазАқпарат – Елде жаңадан салынған гидротехникалық құрылыстардың сапасы да алаңдаушылық туғызып отыр. Бұл туралы ҚР Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None

«Экология және табиғи ресурстар министрлігіне гидротехникалық құрылыстардың су тасқынына әзірлігін бағалау олардың жыл сайынғы көбеюіне байланысты да қиынға соғуда. 2022 жылдың басында 1 823 гидротехникалық құрылыс болса, оның 537-сі жөндеуді қажет етсе, биыл олардың саны 1 806-ға жетті, 534-і жөндеуді қажет етеді», - деді министр Үкіметтің бүгінгі отырысында.

Олардың көбісінің техникалық жай-күйі жабдықтың тозуы, негізгі конструкциялардың уақытша ескіруі және күрделі жөндеулер жүргізу себебінен пайдалану талаптарына сай келмейді.

«Елдегі су шаруашылығы объектілерінің нақты тозуы 60%-дан астамды құрайды, осыған байланысты олардың сенімділігі мен қауіпсіздігі төмендеген. Өткен ғасырда салынған гидротехникалық құрылыстар ғана емес, жаңа ГТҚ да алаңдаушылық туғызады. 2021 жылы Алматы облысында коммуналдық меншіктегі су қоймаларын пайдалану қағидаларын бұзудың 3 фактісі тіркелді, онда ГТҚ-дан төмен орналасқан елді мекендерді су басу қаупі туындады», - деді ТЖ министрі.

Айта кетейік, биыл су тасқыны қардың көп болуына және топырақ қабатының қатты тоңазуына байланысты ауқымды болатын түрі бар. Су басу аймағында 255 елді мекен болуы мүмкін, бұл 127 мыңнан астам үй және 700 мыңнан астам азамат.

Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильиннің айтуынша, өңірлер ірі қалалардың қарын шығарады, ауылдар назардан тыс қалуда.


Соңғы жаңалықтар