Елдеріне қайтуға ақшасы жоқ отбасы Бразилия әуежайына қоныс тепті
АСТАНА. Шілденің 27-сі. ҚазАқпарат - Үш баласы бар аргентиналық отбасының Бразилияның Рио-де-Жанейро қаласындағы әуежайда тұрып жатқанына бір айдан асты.
Газеттердің жазуынша, әлгі отбасын осындай ерекше орынға қоныстануға ақшаның жоқтығы мәжбүрлеген, деп хабарлайды ҚазАқпарат НТВ телеарнасына сілтеме жасап.
Отбасы мүшелерінің өздері соңғы 3 жыл бойы тұрған Панамаға қайтуларына ( 4 мың доллардай) ақшалары жоқ екен. Науқас туыстарының көңілін сұрауға Буэнос-Айреске автобуспен келген олар, ақшаларының сол жерде-ақ таусылғанын айтып отыр. Панамалық бір танысы оларға Бразилиядан Панамаға дейін билет резервілеп береді, бірақ ақшасын төлей алмайды.
«Көшеде сандалғанша, әуежайда тұрған дұрыс деп шештік»,- деп мәлім етті журналистерге 43 жастағы Лилиана Савва ханым. Оның айтуынша, бастапқыда жағдай қиын болған. Күндері қара су мен крекерге қарап қалған, бірақ кейіннен әуежай қызметкерлері оларға қамқорлық жасай бастаған: тамақ әкеліп беретін болған, қонаққа шақырған, тіпті шілденің 13-інде 5 жасқа толған қыздарының туған күнін тойлап берген.
Отбасы өздерінің Панамаға дейінгі билеттерін біреулердің төлеп беретіндігіне үмітті.