Елді мекендерді ауыз сумен қамтамасыз етуде жерасты сулары көздерін анықтауға басымдық берілуі тиіс

АСТАНА. Шілденің 13-і. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Елді мекендерді ауыз сумен қамтамасыз етуде жерасты сулары көздерін анықтауға басымдық берілуі тиіс.
None
None

Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында Экономикалық даму және сауда вице-министрі Қуандық Бишембаев мәлім етті.

«Ауыз сумен қамтамасыз етудің жаңа бағдарламасы аясында іске асырылатын маңызды мақсаттардың бірі жерасты сулары ресурстарының әлеуетін пайдаланудың қамтамасыз етілуі», деп атап өтті вице-министр.

Оның пікірінше, елді мекендерге барынша жақын жерасты сулары көздерін анықтауға басымдық берілуі тиіс. Қ.Бишембаевтың сөзіне қарағанда, жерасты сулары ластанудан таза болғандықтан, халықты сапалы сумен қамтамасыз етуде ерекше рөл атқаруы керек. Осы орайда вице-министр аталған су көздерін анықтауға 2018 жылға дейін жыл сайын 6,2 млрд. теңге қажет болатындығын жеткізді.

Соңғы жаңалықтар