Елдің ақпараттық кеңістігінде ҚазАқпарат болашақта Орталық Азиядағы көшбасшы болмақ - Мәдениет және ақпарат министрі

АСТАНА. 4 мамыр. ҚазАқпарат -  Елдің ақпараттық кеңістігінде ҚазАқпарат болашақта Орталық Азиядағы көшбасшы болмақ.

Елдің ақпараттық кеңістігінде ҚазАқпарат болашақта Орталық Азиядағы көшбасшы болмақ - Мәдениет және ақпарат министрі

Бұл туралы Мәдениет және ақпарат министрі Дархан Мыңбай республикалық «Казахстанская правда» газетінде 3 мамырда «Мәдениет және ақпарат - инновациялық дамудың қуатты факторы» деген тақырыпта жарияланған сұхбатында мәлім етті.

«2012 жылы ҚазАқпарат ақпараттық агенттігін жаңарту басталады. Оның техникалық базасын жаңартып, Интернеттің заманауи мүмкіндігін ескере отырып, жаңа мультимедиалық сервистерді іске қосу жоспарлануда. Бұл, ең алдымен, онлайн-трансляциялар, ақпараттарды блогтар, твиттер арқылы тарату, жазылу бойынша эксклюзивтік сервис ұсыну және басқалары. Қытай тіліндегі нұсқасын іске қосу пысықталуда. Осы жаңа өзгерістердің барлығы пайдаланушылар санын тәулігіне 500 000-ға дейін ұлғайтуды қамтамасыз етуі тиіс. Тұтастай алғанда, ҚазАқпараттың алдына ортамерзімді кезеңде Қазақстан мен Орталық Азия ақпарат агенттіктерінің арасында көшбасшы болу міндеті қойылып отыр», - деп атап өтті Дархан Мыңбай республикалық басылымға берген сұхбатында.