Елдің Әлеуметтік кодексін әзірлеу қажет – Тоқаев

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елдің Әлеуметтік кодексін әзірлеу қажет. Бұл туралы бүгін Қазақстан халқына Жолдауын жария еткен ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Елдің Әлеуметтік кодексін әзірлеу қажет – Тоқаев

«Үкіметке елдің Әлеуметтік кодексін әзірлеуді тапсырамын. Әлеуметтік төлемдерді цифрландыру бойынша шаралар қабылдау қажет. Бұл үшін азаматтың цифрлық әлеуметтік әмиян енгізіп, сонымен қатар тиісінше тауар өткізетін жүйе құру керек», - деді Қазақстан Президенті.

Мемлекет басшысының атап өтуінше, қоғам еңбек құндылықтарын қабылдауын өзгертуі тиіс.

«Жас буынға еңбекті бағалауды, оны мәртебелі немесе мәртебесіз деп бөлмеуге үйрету қажет. Өкінішке орай, жастар бір сәтте-ақ байып шыға келгілері келеді. Міне осыдан лотереяларға, ставкаларға, букмекерлік агенттіктерге үйір болып алған», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.