Елдің басым аумағындағы қар, бұрқасын, ұйытқыма жел, тұман және көктайғақ сәрсенбі күні де сақталады - Қазгидромет

ТАНА. 23 қараша. ҚазАқпарат - «Қазгидрометтің» болжауынша, сәрсенбі күні Қазақстанның басым аумағы өзімен бірге қар, бұрқасын, ұйытқыма жел, тұман мен көктайғақ алып келетін атмосфералық ағын бөліктерінің ықпалында болады. Ал елдің орталық және шығыс өңірлеріне антициклон әсер етпек.
None
None

Атап айтқанда, Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, түнде Шығыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарында бұрқасындатып, 15-22 м/с жылдамдықпен жел соғады. ШҚО-да желдің екпіні 25 м/с-қа жетуі ықтимал.

Түнде Павлодар, күндіз Атырау облыстарының жекелеген аумақтарында секундына 15-20 метр жылдамдықпен жел соғады.

Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл және Маңғыстау облыстарының кей өңірлерінде тұман, көктайғақ, 15-20 м/с екпінде жел күтілуде.

Қызылорда мен Алматы облыстарын тұман басады. Алматы облысында сондай-ақ, көктайғақ болады.

Ал Астанада бүгін, көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз күн райы болжанып отыр. Батыстан 9-14 м/с күшпен жел соғады, күндіз ауаның температурасы -7-9, түнде -15-17 градусты құрайды.

Соңғы жаңалықтар