Елдің басым аумағындағы жауын-шашын, ұйытқыма жел, тұман мен көктайғақ сенбі күні де сақталады - Қазгидромет

ТАНА. 26 қараша. ҚазАқпарат - 26 қараша, сенбі күні Қазақстанның басым аумағы өзімен бірге жауын-шашын, ұйытқыма жел, тұман мен көктайғақ алып келетін атмосфералық ағын бөліктерінің ықпалында болады.
None
None

Елдің батысында ғана антициклонның әсер етуімен жауын-шашындар болмайды. Бұл туралы «Қазгидромет» қызметінен мәлім етті.

Атап айтқанда, Ақмола, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында бұрқасындатып, 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.

Алматы мен Оңтүстік Қазақстан облыстарының жекелеген жерлерінде тұман, көктайғақ, 15-20 м/с екпіндегі жел күтілуде.

Түнде және таңертең Қостанай облысының жекелеген аумақтарында тұманды.

Жамбыл облысының кей өңірлерін тұман басып, көктайғақ болады.

Солтүстік Қазақстан облысында секундына 15-20 метр жылдамдықпен жел соғады.

Ал Астанада ауыспалы бұлтты, қар жауады. Оңтүстік-батыстан 9-14 м/с екпінмен жел соғады. Температура күндіз -7-9, түнде -18-20 градусты құрайды.

Соңғы жаңалықтар