Елдің басым бөлігінде көктайғақ болады

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Қазгидромет» РМК 1 қаңтарға арналған ауа райы болжамын ұсынады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Елдің басым бөлігінде көктайғақ болады

Республиканың басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Тек батыста, оңтүстік-батыста және солтүстік-батыста атмосфералық ауа ағындардың өтуіне байланысты жауын-шашын жауады.

Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Ақмола, Алматы,  Қостанай,  Солтүстік Қазақстан, Павлодар, түнде және таңертең Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, желдің күшеюі 15-23 м/с күтіледі.

Маңғыстау,  Атырау, Батыс Қазақстан, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болады.