Елдің батысы мен солтүстігінде 22 тамыз күні жаңбыр жауады деп күтілуде
АСТАНА. 21 тамыз. ҚазАқпарат - Қазақстанның батыс, солтүстік-батыс және солтүстік аймақтарында атмосфералық ағындардың әсерінен күн күркіреп, жауын жауады, желдің екпіні күшейеді.
Бұл туралы Қазгидромет мәліметтеріне сүйене отырып ҚР ТЖМ хабарлады. Республиканың қалған бөліктерінде ауа райы жауын-шашынсыз болады.
Ақмола, Атырау, Ақтөбе, Қостанай, Қарағанды, Қызылорда, күндіз Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлеріндегі жел екпіні секундына 15-20 метрге дейін күшейеді деген болжам бар, Қызылорда облысында шаң аралас дауыл соғуы ықтимал.
Солтүстік Қазақстан облысында түнде және таңертең кей жерлерде тұман түседі. Күндіз Жамбыл облысы, Оңтүстік Қазақстанның кей жерлерінде, Қарағанды облысында қатты ыстақ сақталады. Республиканың оңтүстігі, орталығы және оңтүстік-шығысының кей жерлерінде жоғары өрт қаупі сақталады.