Елдің екі облысында өрттен үш адам қаза болды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Елдің екі облысында өткен тәуліктерде өрттен үш адам қаза болды, деп хабарлады ҚР ТЖМ баспасөз қызметі.
Жамбыл облысының Қордай ауданы Қордай ауылында жекеменшік тұрғын үйден өрт шықты. Өртке қарсы қызмет шақырылған жоқ, тілсіз жауды жергілікті тұрғындар жойды. 2 шаршы метр аумақ отқа оранған. Оқиға орнынан 66 жастағы ер адамның мәйіті табылды.
Қызылорда қаласында барак үлгісіндегі жеке сектордағы үй пәтерлерінің бірінде өрт орын алды. Оны ауыздықтауға ҚР ТЖМ Қызылорда облысының ТЖД өрт сөндіру қызметінің 3 техникасы мен жеке құрамның 15 адамы жұмылдырылды. 150 шаршы метр аумақ отқа оранған. Оқиға орнынан 70 жастағы ер адам мен 78 жастағы әйел адамның мәйіттері табылды.