Елдің екі өңіріндегі автожолдарға шектеу қойылды
АСТАНА. 1 наурыз. ҚазАқпарат - Ауа райының қолайсыздығына байланысты (қар, боран, жол көрінісінің шектеулігі) 28 ақпан күні республиканың бірқатар жолдарына қойылған шектеулер алынды. Бұл туралы «Қазавтожол» РМК-дан хабарлады.
Мәселен, Ақмола облысында:
"Астана-Петропавл" 18-232 шақ., Астана қ. - Щучинск қ. аралығында;
"Екатеринбор-Алматы" 856-1247 шақ., Солтүстік Қазақстан обл.шекарасы - Астана қ. аралығында;
"Көкшетау-Омбы" а/ж 2-50 шақ. аралығында;
"Көкшетау қ.айналымы" а/ж 0-18 шақ. аралығында;
"Астана-Петропавл" а/ж 280-293 шақ., 17 бөлім-Көкшетау қ.; 304-341 шақ., Көкшетау қ.-Солтүстік Қазақстан обл.шекарасы аралықтарында;
"Астана-Петропавл" а/ж 232-280 шақ., Щучинск-Көкшетау қ. аралығында;
"Көкшетау-Атбасар" 0-84 шақ.;
"Щучинск-Зеренді" 0-80 шақ.;
"Астана-Ерейментау-Шідерті" а/ж 16-205 шақ., Астана қ.-Павлодар обл.шекарасы аралығында;
"Көкшетау-Рузаевка" а/ж 0-61 шақ. аралығында;
"Макинск-Ақсу-Торғай" а/ж 0-120, 125-240 шақ.;
"Екатеринбор-Алматы" а/ж 1280-1353 шақ., Астана қ-Қарағанды обл.шекарасы аралығында жол ашылды.
Сондай-ақ Ақтөбе, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, Қостанай облыстары аумақтарындағы барлық жолдар қозғалыс үшін қайта ашылды.
Ал Павлодар облысында автокөліктің барлық түрлері үшін "Астана-Ерейментау-Шідерті" а/ж 205-259 шақ., Ақмола обл.шекарасы-Шідерті аралығында жол қозғалысына тыйым салынды.
Сондай-ақ автокөліктің барлық түрлері үшін Шығыс Қазақстан облысының келесі жол учаскелерінде шектеу қойылды:
- "Алматы-Өскемен" а/ж 977-1075 шақ., Қалбатау-Қ.Қайсенов а. аралығы;
- "Семей-РФ.шекара" а/ж 2-113 шақ. аралығы;
- "Семей-Қайнар" а/ж 0-284 шақ. аралығы;
- "Қарағанды-Аягөз-Бұғаз" а/ж 707-900 шақ.,Аягөз-Ақсуат аралығы;
- "Өскемен-Семей" а/ж 9-198 шақ., Герасимовка а.-Семей қ. аралығы;
- "Өскемен-Шемонайха-РФ шекарасы" а/ж 15-123 шақ., Глубокое-РФ шекарасы аралығы;
- "Өскемен-Риддер-РФ шекарасы" а/ж 15-191 шақ., Белоусовка-РФ шекарасы аралығы.
Аталған жолдарда автокөліктердің үздіксіз жол қозғалысын қамтамасыз ету мақсатында «Қазақавтожол» РМК-ның ЖПБ (Жол пайдалану бөлімшесі) арнайы қар тазалау техникалары кезекшілікке шықты.
«Қазақавтожол» РМК-да автомобиль жолдарының жабылған учаскелері жөнінде халықты хабардар ету үшін тәулік бойы диспетчерлік қызмет жұмыс істейді: Астана қаласында 8 (7172) 444-777 телефоны арқылы мәлімет алуға болады.