Елдің кешенді бағдарламасының бірі - тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту
АСТАНА. 14 желтоқсан. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев биылғы халыққа арнаған Жолдауында тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамыту жөнінде арнайы тоқталды.
Үкіметке әкімдермен бірлесе отырып жаңа бағдарлама дайындауды тапсырды. «Азаматтардың өмір сапасының озық көрсеткіші - тұрғын үй жайлылығының деңгейі. Соңғы 10 жылда тұрғын үй қоры 30 миллион шаршы метрге ұлғайды. Бұл бүгінде бір миллионнан астам азамат жаңа пәтерлерде тұрады дегенді білдіреді. Бұл - біздің тұрғын үй саясатымыздың маңызды нәтижесі»,- деді Н.Ә. Назарбаев.
Елбасының тапсырмасына сәйкес халықтың қолайлы тіршілік жағдайларын қамтамасыз ету және коммуналдық инфрақұрылым жай-күйін жақсарту мақсатында Қазақстан Республикасының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту бағдарламасы қабылданды.
Бағдарламаны іске асыру ресурс үнемдеуші технологияларды пайдалана отырып, тұрғын үй қатынастарының оңтайлы модульдерін құру және коммуналдық инфрақұрылымды жаңғырту, пайдалану шығындарын төмендету, инвестициялық әлеуетті дамыту және жекеменшік капиталды тарту арқылы жүзеге асырылатын болады.
Жоғарыда көрсетілген іс-шараларды қаржылық қамтамасыз ету мақсатында күрделі жөндеуді қайтарымды қаржыландыру және кондоминиум объектілерін терможаңғыртудың схемасы әзірленді.
Сонымен қатар тұрғын үй мен коммуналдық объектілерге жөндеу жүргізу және қайта құру үшін жинақты және тұрғындар мен қаржы құралдарын жеке меншік инвесторларының қоса қаржыландыруын ынталандыру тетігін әзірлеу бойынша жұмыс жүргізілетін болады.
Тұтастай алғанда, Бағдарламаны іске асыру 81 мыңнан астам км. жылумен, электрмен және газбен жабдықтау желілерін жаңғыртуға мүмкіндік береді. Осы Бағдарламаны қаржыландырудың жалпы көлемі оны іске асырудың бүкіл кезеңінде барлық бағыттары бойынша 64,9 млрд. теңгені құрайды.
Тұрғын үй қатынастарының жаңа модульдерімен бірлесіп қаржыландырудың арнайы тетіктері есебінен 11 мың 624 үй жөнделетін болады.