Елдің мал азығы өндірісіне 300 мың тонна тұқым керек - Ербол Қарашөкеев

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ғылыми нормалар бойынша елдің мал азығы өндірісін тұқыммен толық қамтамасыз ету үшін шамамен 300 мың тонна тұқым қажет.
None
None

Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушы Ербол Қарашөкеев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазіргі уақытта елімізде азықтық дақылдар бойынша тұқым шаруашылығының 59 субъектісі бар. Алайда, олардың тұқым өндіру мүмкіндіктері толық пайдаланылмайды. Өткен жылы ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер 1 мың тоннадан астам азықтық дақылдардың тұқымын сатып алды, дегенмен ғылыми нормалар бойынша елдің азық өндірісін тұқыммен толық қамтамасыз ету үшін шамамен 300 мың тонна тұқым қажет. Біз егіншілікті әртараптандыру, ғылыми негізделген ауыспалы егісті сақтау процесі азықтық дақылдардың тұқымына тұрақты сұраныс туғызуы тиіс деп жоспарлап отырмыз», - деді Е. Қарашөкеев.

Сонымен қатар ол пайдаланылатын жайылымдық жерлердің өнімділігін арттыру және олардың шекараларын кеңейту мәлесіне тоқталды. Жайылым айналымын сақтау әрбір жер пайдаланушының тікелей міндеті болып саналады. Бұл жерде мәселе тиісті әдістеменің жоқтығынан бақылау механизміне келіп тіреледі. Бұл қажетті қолданбалы ғылыми зерттеулер жүргізуді қажет етеді.

«Пайдаланылатын жайылымдардың шекараларын кеңейту мәселелеріне келетін болсақ, мұнда негізгі проблема - оларды суландыру болып отыр. Жайылымдар туралы айтқанда, олардың жеке қосалқы шаруашылықтарды малмен қамтамасыз ету проблемасын айналып өту мүмкін емес. Бұл проблеманы шешудің қолданыстағы тетіктері бөлінген жерлердің не шығыны жоғары, не елді мекендерден алыс орналасуына байланысты қолайсыз екенін түсіну керек. Бүгінгі таңда бұл – мәселені шешуге кедергі келтіріп отырған негізгі фактор.

Осы жағдайдан шығудың бір нұсқасын біз жеке қосалқы шаруашылықтар кооперациясында көріп отырмыз. Бұл жұмысты Үкіметтің Жамбыл облысының тәжірибесін кеңейту жөніндегі тапсырмаларын орындау аясында және еліміздің басқа өңірлеріндегі кооперация бойынша қолда бар оң мысалдарды негізге ала отырып жүргізетін боламыз», - деді Ербол Қарашөкеев .

Бұдан бұрын хабарланғандай, министрлік аталған өңірлерді қолдауға қанша қаражат бөлінгенін баяндады.

Өңірлер арасында азық-түлікті белгіленген бағамен өзара жеткізу және зардап шеккен шаруашылықтарға шөп шабу үшін 130 мың гектарға жуық шабындық жер бөлу туралы шарттар мен меморандумдар жасалды.


Соңғы жаңалықтар